ТонометрлерНейбулазерлерТермометрлерМиостимуляторлар, электр массажерлеріМай анализаторлары мен таразыҚосымша керек-жарақтар

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Тонометрді/Небулайзерді/… Қай Жерден Сатып Алуға Болады?

OMRON аспаптарын қалаңыздағы дәріханалардан сатып алуға болады. OMRON аспаптарын сататын дәріханалардың толық тізімі «ҚАЙ ЖЕРДЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ» бөлімінде берілген. Сонымен қатар Сіз не интернет-дүкендер, не электрондық техника дүкендері арқылы сатып алу нұсқасын таңдай аласыз.

Қай жерден арзанырақ сатып алуға болады?

Сайтта көрсетілген бағалар бөлшек саудаға ұсынылған бағалар болып табылады. Дәріханаларда бағалар аз жағына, сондай-ақ көп жағына ерекшеленуі мүмкін.

Жиынтықтауыштарды (стақан/манжет/адаптер/сүзгілер) қай жерден сатып алуға болады?

OMRON аспаптарына жиынтықтауыш бөліктерді қалаңыздағы дәріханалардан немесе интернет-дүкендер арқылы сатып алуға болады. Дәріханалардың толық тізімі «ҚАЙ ЖЕРДЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ» бөлімінде берілген. Сонымен қатар Сіз интернет-дүкендері арқылы сатып алу нұсқасын таңдай аласыз.

Сервистік орталық қай жерде?

Қазақстан қалалары бойынша сервистік орталықтардың тізімі «СЕРВИС» бөлімінде берілген. Ол жерде Сіз қалаңыздағы сервистік орталықтың мекенжайын, телефон нөмірлерін және жұмыс кестесін көре аласыз.

Менде тонометр/небулайзер…. сынып қалды/жұмыс істемейді, не істеу керек?

Сіздің аспабыңыз бұзылған жағдайда сервистік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Сіз +7 (727) 274 59 59 «шұғыл желі» телефоны бойынша немесе тікелей қалаңыздағы сервистік орталыққа жүгінуге болады. Қазақстан қалалары бойынша сервистік орталықтардың тізімі «СЕРВИС» бөлімінде берілген. Ол жерде Сіз қалаңыздағы сервистік орталықтың мекенжайын, телефон нөмірлерін және жұмыс кестесін көре аласыз.

Қандай тонометрді таңдау керек?

Сіз кез келген автоматты тонометрді таңдай аласыз – иыққа және/немесе білезікке. Иыққа арналған модельдер аспап манжетінің иыққа (білезіктің бүгілген жерінен екі саусақ жоғары), ал білезікке арналған модельдер аспап манжетінің білезікке (кәрі жіліктен жоғары) тағылуымен ерекшеленеді. Манжеттің тағылатын орнына тәуелсіз барлық ОМRON тонометрлерінің дәлдігі бірдей. Модельдер арасындағы айырма аспапта және зауыт-өндірушінің 
жиынтықтауыштарының қосымша функцияларының болуынан тұрады. Сонымен қатар білезікке арналған тонометрлерде қант диабеті, қол буынының немесе білезіктің жарақаттары, тамыр аурулары сияқты бірқатар қарсы көрсетілімдер бар. Иыққа арналған тонометрлерде осы қарсы көрсетілімдер жоқ. Автоматты тонометрлердің модельдік қатарымен «ИЫҚҚА АРНАЛҒАН АВТОМАТТЫ ТОНОМЕТРЛЕР»  бөлімінен немесе «БІЛЕЗІККЕ АРНАЛҒАН АВТОМАТТЫ ТОНОМЕТРЛЕР» бөлімінен танысуға болады.

Қандай небулайзерді таңдау керек?

Небулайзерлер тыныс алу жүйелерінің әртүрлі ауруларын емдеуге арналған. Модельдер арасындағы айырма аспапты қолдану уақытынан (шектеулі/шектеусіз қолдану уақыты), жеке жоғары, жеке ортаңғы, жеке төменгі тыныс алу жолдарын ингаляциялау мүмкіндігінен, небулайзер жиынтығында аспиратордың болуынан тұрады. Аспапты таңдау бойынша толық ақпаратты Сіз +7 (727) 274 59 59 «шұғыл желі» телефоны бойынша ала аласыз.

Небулайзерде қандай дәрі-дәрмекті қолдану керек?

Кез келген дәрілік құралдар небулайзерлерде емдеуші дәрігердің ұсыныстары бойынша ҚАТАҢ түрде қолданылады. Өзін-өзі емдеу қауіпті болуы мүмкін.

Небулайзерлерде қолдану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ:

  • • Құрамында эфир майлары бар барлық ерітінділер.
  • • Құрамында жүзгін бөлшектер бар суспензиялар мен ерітінділер, соның ішінде қайнатпалар, шөп тұндырмалары.
  • • Эуфиллин, папаверин, платифиллин, димедрол және құрамында шырышты қабатқа әсер ететін субстрат жоқ оларға ұқсас құралдар.

Аспапты көрсету және оның дәлдігін тексеру үшін қайда бару керек?

Аспаптың дұрыс жұмыс істейтіндігін және /немесе оның дәлдігін Сіз қалаңыздағы сервистік орталықта тегін тексере аласыз. Қазақстан қалалары бойынша сервистік орталықтардың тізімі «СЕРВИС» бөлімінде берілген. Ол жерде Сіз қалаңыздағы сервистік орталықтың мекенжайын, телефон нөмірлерін және жұмыс кестесін көре аласыз.